Жер сағаты 2024
Қазақстанның табиғатын сақтайық
Қазақстанның ландшафтына тең келер жер жоқ. Біздің еліміздің табиғаты таңғажайып және алуан түрлі: Тянь-Шаньның асқақ қарлы тауларынан бастап Каспий теңізінің мөлдір суларына дейін. Елдің флорасы мен фаунасы сирек кездесетін және бірегей жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі түрлерімен танылған, олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген.

Қазақстанның табиғаты бізге жайлылық пен тыныштық береді, біз оны болашақ ұрпақ үшін қорғауға жауаптымыз. Осылайша, біздің міндетіміз өте маңызды - оны таза және қауіпсіз ұстау.

Еліміздің табиғатына әрқайсымыздың әсеріміз бар. Біз қанша ресурстарды қолданатынымыз біздің экологиялық ізімізді қалдыражы. WWF қарапайым экологиялық кеңестерді орындауды ұсынады. Бұл ережелерді әртүрлі жағдайларда есте сақтаңыз: жолда, кеңседе, үйде, дүкенде немесе демалыс орындарында.

Осы себепті табиғи ресурстар мен мекендеу орындарын сақтау және экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ұмтылу өте маңызды.

Әрбір қазақстандық табиғатымызды сақтауға қалай көмектесе алады?
Үйде
СУДЫ ҮНЕМДЕГЕН КЕЗДЕ СІЗ БАҒАЛЫ РЕСУРСТЫ САҚТАП ҚОЙМАЙСЫЗ, сонымен қатар парниктік газдың ШЫҒАРУЫНЫҢ АЗАЙТУЫНА КӨМЕКТЕСЕСІЗ.

- Ағып жатқан кранды уақытында жөндеуді ұмытпаңыз. Ағып кетудің салдарынан сіз күніне 50 литрге дейін су жоғалтуыңыз мүмкін.

- Ваннадан гөрі душ қабылдаңыз және душ қабылдау уақытын бірнеше минутқа қысқартыңыз.

- Тіс тазалау кезінде суды өшіріңіз. Осылайша минутына 9 литрге дейін су үнемдейсіз.

- Сіз үнемді жуу режимі бар дәретхананы орнату арқылы суды тұтынуды айтарлықтай азайтуға болады. Онда су ағып кетпеуін қадағалаңыз - бұл жылына 20 мың литрге дейін судың пайдасыз ысырап болуына әкелуі мүмкін.

Жолда
ЖҰМЫСҚА, ДҮКЕНГЕ НЕМЕСЕ ДЕМАЛЫСҚА ҚАЛАЙ ЖЕТЕТІҢІЗ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҮЛКЕН ӘСЕРІ БАР. ҚАЗБА ОТЫНЫМЕН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІН ПАЙДАЛАНУ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.

- Көлікті азырақ пайдалануға тырысыңыз. Мүмкін жаяу, велосипед тебу немесе қоғамдық көлікті пайдаланған дұрыс болар, қалай ойлайсыз? Сізге көлікпен саяхаттау қажет болған жағдайда, басқа саяхатшыларды қабылдау, әлде қысқа мерзімді автокөлікті жалға алу қызметін пайдалануды қарастырып көріңіз.

- Ойланып көріңізші, сізге демалыс күндеріне немесе демалысқа алыс жерге бару керек пе? Саяхатқа байланысты көмірқышқыл газының (СО2) шығарындыларын азайту үшін үйге жақын немесе әуе көлігінсіз жетуге болатын демалыс орындарын таңдаңыз.

- Ұшақсыз жүре алмасаңыз, деңгейі жоғары және заманауи ұшақтары бар авиакомпанияларды таңдаңыз. Сондай-ақ тікелей рейстерді тадаңыз – әуе қатынасында пайдаланатын жанармайдың айтарлықтай мөлшері ұшу кезінде жұмсалады.

Дүкенде
ӨНДІРІСТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ РАСТАЙТЫН ТАҢБАЛАНҒАН ТАУАРЛАРДЫ ТАҢДАҢЫЗ.

- Қажетті нәрсені ғана сатып алыңыз - артығы полигонға түседі. Статистикаға сүйенсек, әлемдегі барлық азық-түліктің үштен бірі қоқысқа тасталады.

- Тұрақты мақтадан жасалған киім мен аяқ киімді таңдаңыз. Мұндай өнім қоршаған ортаға қамқорлықпен, суды, топырақты және жануарлардың табиғи мекендеу ортасын құрметтей отырып шығарылады.

- Дүкенге барған кезде өзіңізбен бірге қайта пайдалануға болатын сөмкені алыңыз. Дүкеннен пластикалық және тіпті бір рет қолданылатын қағаз пакеттің орнына мұндай сөмкені пайдалану қалдықтарды азайтуға көмектеседі.

- Қажет болған жағдайда пайдаланылған заттарды сатып алыңыз. Сондай-ақ, егер сізге ұнамаса немесе қажет болмаса, киім мен басқа заттарды лақтырмаңыз. Оларды қайырымдылыққа беріңіз, қайта өңдеңіз немесе арнайы сайттарда сатыңыз. Бұл табиғи ресурстар мен энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Кеңседе
КЕҢСЕДЕ ЭНЕРГИЯ ШЫҒЫНЫ МЕН ҚАЛДЫҚТАР КӨЛЕМІН АЗАЙТУҒА БОЛАДЫ ЖӘНЕ ҚАЖЕТ. ӘРІПТЕСТЕРІҢІЗБЕН БІРГЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ САҚТАУ ҮШІН КӨП НӘРСЕ ЖАСАЙ АЛАСЫЗ.

- Жарықты қажет емес жерде, соның ішінде күндіз де өшіруді ұмытпаңыз. Түнде бос кеңсені жарықтандыру үшін, 1000 кесе кофе жасайтындай энергия жұмсалады!

- Компьютерді түнде өшіріп, қуатты үнемдеу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Техника күту режимінде де электр қуатын тұтынуды жалғастыруда.

- Қажетті нәрсені ғана және парақтың екі жағына басып шығарыңыз - бұл режимді принтер параметрлерінде оңай орнатуға болады.

- Ноутбукті қолданыңыз - ол жұмыс үстеліндегі компьютерге қарағанда бес есе аз электр энергиясын тұтынады.
Демалыста
ҚАЙДА БАРСАҢЫЗ ДА – ЖАҒАЖАЙҒА НЕМЕСЕ ТАУҒА, ТАБИҒАТҚА НЕМЕСЕ ҮЛКЕН ҚАЛАҒА – БІЗДІҢ ҚАРАПАЙЫМ ЭКО КЕҢЕСТЕРІМІЗ БІР УАҚЫТТА ТАМАША ДЕМАЛЫСТЫ ӨТКІЗУГЕ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚАТЫСУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ.

- Кәдесый сатып алғанда абай болыңыз! Тасбақа қабығынан, маржандардан, әсіресе жануарлардың терісінен жасалған тауарларды сатып алмас бұрын, мұндай заттардың саудасы заңды ма, соны анықтаңыз.

- Бамбуктан жасалған сноуборд болсын, қайта өңделген пластик бөтелкелерден жасалған күрте немесе балық аулау торларының қалдықтарынан жасалған кроссовка болсын, таза экологиялық құралдарды таңдаңыз.

- Ашық ауада, соның ішінде жағажайда болғаннан кейін барлық қоқысты өзіңізбен бірге алыңыз - пластикалық қоқыс жабайы табиғат үшін қауіпті және ұзақ жылдардан кейін ғана толығымен ыдырайды.

- Егер сіз саяжайда демалып жатсаңыз, жаңбыр суын жинау үшін үйіңіздің жанына контейнерлер орнатыңыз. Өсімдіктерді суару үшін ауыз суды ысырап етпеңіз.

-Экологиялық із қалдырмайтын әрекеттерді есте сақтаңыз : велосипедпен жүріңіз, ашық аспан астындағы кинотеатрға немесе жұлдыздар астында романтикалық серуенге барыңыз.
Әдеттегі кішкене өзгерістердің өзі табиғатқа қамқорлықпен қарауға көмектеседі. Осы арқылы біз Қазақстанның бірегей экологиялық мұрасы болашақ ұрпақ үшін сақталатынына сенімді боламыз.

Жабайы табиғат бір мезгілде сұлулықты көруге және сезінуге мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның барлық тұрғындарын Жер сағаты кезінде саналы таңдау жасауға – туған табиғатына көмектесуге шақырамыз.
Всемирный фонд дикой природы (WWF), 2024. Все права защищены.