Жер шарындағы ең ауқымды экологиялық науқан


ЖЕР САҒАТЫ 2022

Қазақстан
Дней
Часов
Минут
Секунд

Жер сағаты

— Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен 2007 жылдан бері бүкіл әлемде өткізіліп келе жатқан ең ауқымды халықаралық экологиялық шара.

Қазақстан

бұл шараға 2009 жылы волонтерлердің қолдауымен қосылдған. Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
Дәстүр бойынша, осы тақырыптарға назар аудару үшін наурыз айының соңғы сенбісінде ел тұрғындары сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін үйлері мен пәтерлеріндегі шамдар мен тұрмыстық электр құралдарын өшіреді, акцияға мемлекеттік және жеке тұлғалар қолдау көрсетеді.
2 000 000 000
180
адам қатысады
7000
елдер
қалалар
Акция тақырыбы 2022
2022 жылы Қазақстандағы «Жер сағаты» экотуризм тақырыбына арналған. Экотурист болу үшін табиғатты сақтауға және жергілікті халықтың экономикалық дамуына үлес қосу керек.
Акция барысында Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақ-Орда» резиденциясы, Бәйтерек , Триумфальды арка, «Астана Опера», Назарбаев Университетінде және қаланың басқа да ірі нысандарында бүкіл электр энергиясы өшіріледі. Ал, Алматы қаласында «Қазақстан» қонақ үйінің ғимаратында, ҚБТУ және т.б. ірі нысандарда жарықтар уақытша сөндірілді.

Жыл сайын барлық қатысушы елдер ең өзекті экологиялық тақырыптардың бірін көтереді. Соңғы жылдары Қазақстанда акция экологиялық белсенділік , экономикалық із қалдыру және сирек кездесетін жануарлар түрлерін қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде.

Табиғи апаттардың алдын алу немесе олардың салдарын жедел жою мүмкіндігі болу үшін бизнес, үкімет және қоғам бір-біріне экологиялық жағдай туралы жедел хабарлауы керек. Жер сағаты 2021 ғаламшардағы адамдарды экологиялық ашық болуға шақырады.

Халықаралық науқанды WWF Орталық Азиялық бағдарламасы, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, G-жаһандық жасыл экономика және даму коалициясы және «Тұрақты даму» Жер қоры ұйымдастырады.
#ЖЕРСАҒАТЫ қалай белгілейміз
- Жарықты 26 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі 20:30-да өшіріңіз
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
АҚПАРАТТЫҚ СЕРІКТЕСТЕР
Қосымша ақпараттар үшін мына мекенжайға хабарласыңыз: iseitov@wwf.ru
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), 2021. Барлық құқықтар қорғалған.
МЕН СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІН!
Мен жеке деректерді өңдеуге келісемін